Шольц Украинаның Германия берген қарумен Ресейге шабуыл жасауына қарсы болды

Канцлер бұл мәселеде Украинамен арнайы келісім жасалғанын айтты

Sarbaz.kz редакторы
27/05/2024 - 09:01

Фото: Sputnik / Сергей Гунеев/POOL

Фото: Sputnik / Сергей Гунеев/POOL

Канцлер Олаф Шольц Украинаның Ресей аумағына Германия берген қарумен шабуыл жасауына қарсылық білдірді. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Bild басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Берлинде өтіп жатқан «Азаматтық диалог» іс-шарасы барысында Германия канцлері Олаф Шольц Украинаның Батыс елдері берген қару-жарақты қолдана алатын аймақты кеңейтуге еш негіз жоқ екенін айтты.

«Украинамен келісім бойынша Германия қаруын жеткізудің нақты ережелері бар және олар орындалуы тиіс», - деді Шольц. 

Канцлер оның мақсаты ірі соғыстың басталуына жол бермеу екенін атап өтті. Айтуынша Украинаның өзін-өзі қорғауы үшін неміс қаруын жеткізу соғыстың өршуіне, Ресей мен НАТО арасындағы соғыстың алдын алуға әсер етеді.

Осыған дейін НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенберг альянс мүшелерін Украинаның Ресейдегі әскери нысандарға шабуыл жасау үшін берілген қаруды пайдалануға тыйым салу тәртібін алып тастауға шақырған.

×

Редакция

$ 452.92  484.99  5.12