АҚШ-тың қаржы министрі: Ресейлік активтерді Украинаға беруде заңсыз әрекет жоқ

Ресейлік активтердің кірісі арқылы түсетін 50 миллиард доллар Киевке берілуі мүмкін

Админ
17/06/2024 - 13:08

Фото: Kazuhiro Nogi/AP/picture alliance

Фото: Kazuhiro Nogi/AP/picture alliance

АҚШ-тың қаржы министрі Джанет Йеллен Батыс елдерінде бұғатталған ресейлік активтерді Украинаға беруде заңсыз әрекет жоқ екенін мәлім етті. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі DW басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Осылайша, ол Киевке G7-нің ресейлік активтердің кірісі арқылы түсетін 50 миллиард доллар бөлу туралы шешіміне қатысты сынға жауап берді.

Джанет Йеллен өз сөзінде Ресей Федерациясының Орталық банкінің Батыс елдерінде бұғатталған активтері еш өзгеріссіз қалатынын атап өтті. Бұл жерде мәселе 260 миллиард еуро туралы болып отыр, оның басым бөлігі Euroclear еуропалық депозитарийінде сақталып тұр.

Ресейдің бұл қаражатты инвестициялаудан түсетін пайыздық табысын алуға құқығы жоқ. Бұл жыл сайынғы 2,5-3,5 миллиард еуроға дейінгі соманы құрайды, деп атап өтті АҚШ қазынашылығының басшысы.

13 маусымда Ресейдің сыртқы істер министрлігі тыйым салынған ресейлік активтерді Украинаға беру «халықаралық құқықты аяққа таптау» деп атады. Сол сияқты жауап ретінде тиісті шаралар міндетті түрде қабылданатынын және олардың «ауыр» болатынын мәлімдеді.

Айта кетейік, 13 маусымда Италияда өткен G7 саммитінде Украинаға жыл соңына дейін жалпы сомасы 50 миллиард доллар несие берілетіні расталды. Бұл жағдайда кепіл ретінде Батыс елдерінде тыйым салынған ресейлік активтерден түсетін кіріс алынады.

Тегтер

×

Редакция

$ 477.03  521.44  5.43