ҚР СІМ Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты мәлімет берді

СІМ өкілдері Ақжарқын Тұрлыбаймен соңғы рет қашан байланысқа шықты?

Админ
17/06/2024 - 17:27

Фото: Kazinform

Фото: Kazinform

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Қытайда сотталған Қазақстан азаматы Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты мәлімет берді, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

«Әлеуметтік желіде соңғы 6-7 жылда неше түрлі ақпарат шықты. Біреуін де растаған жоқпыз. Сол себепті оған қатысты ақпаратты растай алмаймын. Егер қандай да бір сұрақтарыңыз болса, Бас прокуратураға жүгіну қажет. Экстрадиция мәселесіне осы мемлекеттік орган жауап береді», - деді ол.

Баспасөз мәслихатында СІМ өкілдері Ақжарқын Тұрлыбаймен соңғы рет қашан байланысқаны туралы сұрақ қойды.

«Біз байланыстамыз, жағдайы жақсы», - деді Айбек Смадияров.

Сөз соңында туыстарымен қашан кездесетіні белгісіз екенін айтты.

Тегтер

×

Редакция

$ 474.26  514.48  5.43