ЕО Қырымға қатысты Ресейге салған санкциясын тағы бір жылға ұзартты

Санкция 2025 жылдың 23 маусымына дейін ұзарды

Админ
17/06/2024 - 16:58

Фото: hse.ru

Фото: hse.ru

ЕО Ресейдің Қырым мен Севастопольді аннексиялағаннан кейін салған санкцияларын тағы бір жылға ұзартты. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі BBC агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

ЕО Кеңесі Қырым мен Севастопольді Ресейдің заңсыз аннексиялауына жауап ретінде Еуроодақ салған санкцияларды 2025 жылдың 23 маусымына дейін ұзарту туралы шешім қабылдады.

Бұл шектеу шаралары алғаш рет 2014 жылдың маусымында енгізілген. Санкция белгілі бір тауарлар мен технологияларды Қырым компанияларына экспорттауға немесе аннексияланған Қырымда көлік, телекоммуникация және энергетика салаларында пайдалануға тыйым салуға қатысты.

Еуропа Одағы Қырым мен Севастопольдің аннексиялануын халықаралық құқықты бұзу ретінде қарастыратынын тағы бір рет еске салды.

Тегтер

×

Редакция

$ 474.26  514.48  5.43