Франция израильдік фирмалардың қорғаныс көрмесіне қатысуына тыйым салды

Бұл Палестинадағы ондаған бейбіт тұрғынның өліміне қатысты болып отыр

Админ
17/06/2024 - 16:40

Фото: Eurosatory.com

Фото: Eurosatory.com

Eurosatory 2024 қорғаныс көрмесін ұйымдастырушылар израильдік фирмалардың іс-шараға қатысуына тыйым салды, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі Times of Israel басылымына сілтеме жасап.

Көрмеге Израильдің 74 фирмасы қатысады деп болжанған. Көрмеге қатысуға израильдік компанияларда жұмыс істейтін шетелдіктерге де тыйым салынады, ал израильдік емес фирмаларда жұмыс істейтін израильдіктердің кіруіне рұқсат етіледі. Ұйымдастырушылар жәрмеңкеге израильдіктердің келуіне толық тыйым жоқ екенін айтты.

Тыйым салу туралы алғашқы мәлімдеме Израиль армиясы Рафахта ХАМАС-тың екі жоғары лауазымды мүшесіне соққы бергеннен кейін көп ұзамай шықты. Бұл палестиналықтар қоныс аударған кешендегі өртке себеп болып, ондаған бейбіт тұрғын қаза тапты. Бұл жағдай Францияда халықаралық наразылық тудырды.

Франция президенті Эммануэль Макрон оқиғаға қатысты ашуын білдіріп, тез арада атысты тоқтатуды талап етті. Көп ұзамай Францияның қорғаныс министрлігі Израиль фирмаларының көрмеге қатысуына тыйым салуды бұйырды.

Тегтер

×

Редакция

$ 474.26  514.48  5.43