Литва президенті қайта сайланды

Литва 2022 жылы Ресей шабуыл жасағаннан бергі Украинаның адал одақтасы болып келеді

Sarbaz.kz редакторы
27/05/2024 - 09:54

Фото: Euronews

Фото: Euronews

Гитанас Науседа Литва президенті болып қайта сайланды. Оның қарсыласы премьер-министр Ингрида Шимоните жеңілгенін мойындады. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Euronews агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Сайлау науқанының басты тақырыптарының бірі – Ресейдің Украинаға ашқан соғысы және оның Литваның ұлттық қауіпсіздігі үшін салдары. Науседа Литваның 2022 жылы Ресей шабуыл жасағаннан бергі Украинаның адал одақтасы болғанын атап өтті.

«Менің негізгі ұстанымым – Украинаны қолдау, Литваның қауіпсіздігін нығайту, белсенді сыртқы саясат жүргізу және Еуропалық Одақтың түрлі форматтарына белсенді араласу. Сол себепті мен үнемі алға жылжып келеміз деп ойлаймын. Әсіресе Литваның қауіпсіздігіне қатысты өте маңызды шешімдерді жүзеге асырдық», – деді Гитанас Науседа.

Екінші турдағы дауыс беру нәтижелері бойынша Науседа 75% дауыс жинады. Ингрида Шимонитеге 23% дауыс берді. Шимоните қайта сайланған президентті жеңісімен құттықтап, үкімет басшысы қызметіне қайта оралуға уәде берді.

«Маған сенетін адамдар маған әлі де сенеді. Ертең біз жұмысымызға ораламыз», – деді Ингрида Шимоните.

Айта кетейік, Литва – парламенттік республика. Президентке сыртқы саясат саласындағы шешімдер, заң шығару бастамасы құқығы және вето қою құқығы беріледі. НАТО мүшесі Литва альянстың шығыс қапталында стратегиялық позицияны иеленеді. Бұл Украинадағы жалғасып жатқан қақтығысты ескере отырып, президенттің рөлін ерекше маңызды етеді.

×

Редакция

$ 452.92  484.99  5.12