Су тасқыны: 5 316 адам эвакуациялау пункттерінде қалып отыр

Республика бойынша 62 мыңға жуық адам үйлеріне оралды

Sarbaz.kz редакторы
26/05/2024 - 15:27

Төтенше жағдайлар министрлігі Қазақстандағы су тасқыны жағдайы туралы жедел ақпарат берді, деп хабарлайды Sarbaz.kz .

Ведомствоның мәліметінше, республика бойынша 61 966 адам үйлеріне оралды. 5316 адам эвакуациялау пункттерінде қалды. 

26 миллион м3 астам еріген су сорылып, 8 миллионнан астам қап пен 1,5 миллион тонна инертті материал төселді.

Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында су басқан үйлер мен аумақтарда су тасқынына қарсы және дезинфекциялау жұмыстары жалғасуда.

×

Редакция

$ 452.92  484.99  5.12