Реформа мен жемқорлық: Украина соғысынан Қазақстан қандай сабақ алады?

Оның пікірінше, министрлікке келгеннен кейін Даниал Ахметов ведомствоға толықтай реформа жүргізді

Sarbaz.kz редакторы
20/01/2024 - 15:00

Запастағы подполковник Елдар Тұрсынбеков қорғаныс саласында есте қалған министрді атап, артиллериялық жүйелердегі жанжалдың қорғаныс өнеркәсібіне қалай әсер еткені туралы айтты.

«Басқару тұрғысынан Даниал Кенжетайұлы (Ахметов) есімнен кетпейді. Ол министрлікке келгенде жұмыс форматын толығымен өзгертті», - деді подполковник.

Оның пікірінше, министрлікке келгеннен кейін Даниал Ахметов ведомствоға толықтай реформа жүргізді. Материалдық тұрғыдан алғанда, әскери қызметкерлердің жалақысы өсті. Сондай-ақ әскери атақтар арасындағы үстемеақы айырмашылығы артып, тұрғын үймен қамтамасыз ету жақсарды.

«Әскери күштер үшін материалдық қамтамасыз ету тұрғысынан көп нәрсе өзгерді. Армия организм секілді, командадағы мамандар өзгергенмен өзінің жүйесіне көп өзгеріс енгізбеуі керек. Тұрақты бір сызық болуы тиіс және ол бір бағытта болуы керек, армия өзгергенмен, түбегейлі өзгеріс болмауы қажет. Бірақ дамып тұруы керек», - деді Елдар Тұрсынбеков.

Ол сөз арасында «Семсер», «Айбат» және «Найза» артиллериялық жүйелерінде болған дауларды еске түсіре отырып, мұндай жағдай тек Ахметовтің басында ғана емес, сол кезде қызмет атқарған кез келген министрде болуы мүмкін дейді. Себебі бұл жоба болатын.

«Бұл Қарулы Күштерге жағылған күйе болды. Сол себепті оның қайталануы әлі де қорқыныш ұялатады. Идея жақсы болатын. Бұл мәселе бойынша пікір алмасқан мамандардың бәрі жобаға оң баға берген. Бұл жоба негізі бізге қазір де қажет», - деп подполковник ойын білдірді.

Подполковниктің пікірінше, артиллериялық жүйелер жобасында болған сыбайлас жемқорлық жанжалы бүгінгі жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік бермей отыр деп санайды. Бұл тіпті автоматтандырылған басқару жүйелері бар өздігінен жүретін артиллерияның шұғыл қажеттілігіне қарамастан кедергі келтіріп отыр, дейді ол.

«Бұл жобаның сол кездегі кемшіліктері жаңа идеялардың пайда болуына жол бермей отыр», – деді Тұрсынбеков.

Сөз соңында осы мәселеге байланысты бас қорғаныс концерні Қорғаныс министрлігінің қарамағынан шығарылып, Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне берілген деп санайтынын атап өтті.

×

Редакция

$ 439.43  473.31  4.82