Газа секторында құрбан болғандар саны 35 мыңға жақындады

Газа секторында Израиль тарапынан жасалған шабуыл құрбандарының саны 34 789 адамға жетті
 

Аян Кайырбаев
08/05/2024 - 14:04

aa.com.tr

aa.com.tr

Аnadolu агенттігінің мәліметінше, соңғы тәуліктің өзінде 50-ден астам адам көз жұмып, 96-сы жараланған.

Газа секторындағы палестикалық денсаулық сақтау министрлігі құрлық, ауа мен теңізден жасалған израильдық шабуыл 214 күннен бері тоқтамай тұрғанын айтты.

Соңғы тәулікте ғана атқылау салдарынан 54 палестиналық қайтыс болып, 96-сы түрлі дене жарақатын алған. Израиль алты жаппай кісі өлтіру қылмысын жасағаны белгілі болды.

Сонымен қатар Газаның 2,3 млн тұрғыны азық-түлік, су мен дәрі жетіспегеннің тауқыметін көріп отыр. Өңір ауқымды гуманитарлық апатпен бетпе-бет келді.

Аурухана, мешіт пен шіркеулерді қосқанда, мыңдаған ғимарат толықта бүлінген.

Мыңдаған адамның денесі қираған ғимараттар мен жол бойындағы үйінді астында қалды.

Еске салайық, былтыр 7 қазанда Израиль Газа секторындағы ХАМАС-қа қарсы кең ауқымдағы шабуылды бастаған. Мұны олар 1200-дей адам қаза тауып, 200 адам тұтқынға алынған Израильдің оңтүстік шекарасындағы шабуылға жауап деп атады.

×

Редакция

$ 443.44  480.51  4.88