Ресей әскери жаттығуда ядролық қару қолданбақшы

Қазір оқу-жаттығуға дайындық жүріп жатыр

Sarbaz.kz редакторы
06/05/2024 - 14:23

Фото: ТСН.ua

Фото: ТСН.ua

Ресей президенті Владимир Путин ел әскерінің ядролық қаруды қолдану арқылы оқу-жаттығу өткізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы РФ қорғаныс министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Ресей ведомствосы таратқан хабарламада Путиннің тапсырмасы бойынша стратегиялық емес ядролық күштердің жауынгерлік тапсырмаларды орындауға дайындығын арттыру мақсатында бас штаб жақын арада авиацияны, сондай-ақ Әскери-теңіз күштерін тарта отырып, Оңтүстік әскери округтің зымыран құрамаларымен оқу-жаттығу өткізуге дайындықты бастағаны айтылған.

«Оқу-жаттығу барысында стратегиялық емес ядролық қаруды дайындау және қолдану тәжірибесі бойынша іс-шаралар кешені жүзеге асырылады.

Оқу-жаттығу Ресей Федерациясына қарсы жекелеген Батыс шенеуніктерінің арандатушылық мәлімдемелері мен қауіптеріне жауап ретінде Ресей мемлекетінің аумақтық тұтастығы мен егемендігін сөзсіз қамтамасыз ету үшін стратегиялық емес ядролық қаруды жауынгерлік қолдану бөлімдерінің жеке құрамы мен техникасының дайындығын қолдауға бағытталған», - делінген РФ қорғаныс министрлігінің хабарламасында.

ТАСС агенттігінің мәліметінше, оқу-жаттығу Украинаға жақын жерде өтеді.

×

Редакция

$ 443.44  480.51  4.88