Түркия отандық қару-жараққа басымдық беретін болды

Бірнеше қанатты зымыран құрастырылады

Ануар Маратов
26/01/2024 - 16:36

Фото: Roketsan

Фото: Roketsan

Түркия үкіметі өзінде бар шетелдік қару-жарақтың кейбірін отандық нұсқаларына алмастыратын болды. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі DefenceNews-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Түркияның қорғаныс министрлігі Roketsan қорғаныс компаниясымен жасалған мәмілелер бойынша Akya торпедасын, Atmaca қанатты зымыранын және Sapan әуе қорғанысы қаруын жаппай құрастырып шығарады. Бұл техникалар әскери-теңіз күштерін күшейтетін болады.

«Түркия өзінің технологиялық инфрақұрылымы, өндірістік қуаттылығы және инженерлік мүмкіндіктері арқылы маңызды технологиялардың өндірістік базасына айналды. Бұл жобалардың қорғаныс өнеркәсібіндегі маңыздылығын әлемдегі оқиғалар арқылы байқауға болады», – деді қорғаныс министрі Яшар Гюлер.

Atmaca қанатты зымыраны

Atmaca – Roketsan компаниясы құрастырған, кемеге қарсы ұзақ қашықтықтағы қанатты зымыран. Ол Түркияның еншісіндегі «Гарпун» зымырандарын біртіндеп ауыстыруға арналған. Бұл зымырандарды АҚШ-тың Boeing компаниясы құрастырған.

Түркияның әскери-теңіз күштері 2009 жылы жаңа кемеге қарсы қанатты зымыран бағдарламасын бастаған. Бас мердігер ретінде Roketsan 2012 жылдың қыркүйегінде жобалық жұмыстарға кірісті.

Кемеге қатысты алғашқы сынақ 2019 жылдың қарашасында өтті. Соңғы сынақ 2021 жылдың маусымында аяқталды және зымыранның жауынгерлік дайындыққа қабілетті екені анықталды.

Atmaca мен Гарпун зымырандарын салыстыру:

  Atmaca Гарпун
Ұзындығы 4,3 – 5,2 м. 3,9 – 4,6 м
Салмағы < 750 кг 526 – 690 кг
Ұшу қашықтығы > 220 км 124 км
Бағыттау жүйесі навигацияның инерциялық жүйесі, GPS, 

Белсенді радар, GPS, навигацияның инерциялық жүйесі,

Оқтұмсық Құрыш тескіш, фугастық-жарықшақ Құрыш тескіш, фугастық-жарықшақ
Оқтұмсық салмағы 220 кг 224 кг
Өздік көздеу жүйесі Белсенді радиожиілік Белсенді радар

Akya торпедасы

Akya ауыр торпедасы жауынгерлік атыс сынақтарынан сәтті өтті. Қазіргі уақытта бұл қаруды Gür класындағы сүңгуір қайықтарға орналастыру жұмысы жүріп жатыр.

Akya Германияның DM2A4 және АҚШ-тың MK 48 ауыр торпедаларын ауыстырады деп жоспарланып отыр.

Roketsan әзірлеген Akya торпедасы өздігінен жұмыс істей алады немесе пайдаланушы қаруды талшықты-оптикалық кабель арқылы басқара алады. Ол белсенді / пассивті гидро-акустикалық бағыттаушы арқылы жабдықталған, ал су үсті нысандарына соққы беру үшін арнайы бағыттау технологиясын қолданады.

Sapan әуе-қорғаныс зымыраны

Sapan зениттік зымыраны америкалық RTX шығарған Evolved Seasparrow «жер-әуе» зымыраны қару-жарағын алмастыруға арналған.

Roketsan компаниясының Hisar «жер-әуе» класындағы зымыраны негізінде құрылған – «Sapan» TCG Istanbul фрегаты Түркияның әскери-теңіз күштеріне қабылданды. Sapan 35 шақырымнан асатын қашықтыққа ұша алады деген болжам бар. Алайда компания оның техникалық сипаттамалары туралы ешнәрсе айтпай отыр.

Айта кетейік, Түркия өткен аптада ұлттық әскери-теңіз күштері қатарына 4 әскери кеме қабылдаған.

Тегтер

×

Редакция

$ 443.44  480.51  4.88