Түркия төрт әскери кеме әзірлеп шығарды

 Олардың ішінде алғашқы отандық фрегатта бар

Ануар Маратов
22/01/2024 - 17:40

Фото: Түркия үкіметі

Фото: Түркия үкіметі

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған 19 қаңтар күні әскери-теңіз күштеріне жергілікті өндірілген төрт кемені, соның ішінде бірінші жергілікті фрегатты тапсыру рәсіміне қатысты, деп Sarbaz.kz тілшісі Breaking Defence-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

«Әскери-теңіз күштеріміз кемелермен толығып, күн санап дамып келеді. Алдағы уақытта бұдан да үлкен жетістіктерге жетеміз деп сенемін», - деді Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған.

STM кеме жасаушысының айтуынша, жаңа кемелер – TCG Istanbul фрегаты (F-515), TCG Derya жүк кемесі, TCG логистикалық кемесі Lt. Arif Ekmekçi, сондай-ақ MARLIN қаруланған экипажсыз дрон-кемесі. STM фрегатты ерекше жоғары бағаланғанын айтты. 

«TCG Istanbul, MILGEM класындағы фрегаттар өздерінің дизайны мен технологиясының арқасында әлемдегі ең озық фрегаттардың бестігіне енді», – деді STM бас менеджері Озгур Гулерюз өз мәлімдемесінде.

Ол отандық фрегат жергілікті электронды соғыс жүйелерімен, жауынгерлік басқару жүйесімен және әуедегі нысандарғы қарсы снарядтармен жабдықталғанын да атап өтті.

«Havelsan Advent жекпе-жекті басқару жүйесі, MIDLAS зымырандарды тік ұшыру жүйесі және Aselsan шығарған CENK-S AESA радиолокациялық жүйесі сияқты озық өндіріс жүйелерімен жабдықталған», - деді Ыстанбұлда орналасқан Edam талдау орталығының қорғаныс зерттеулерінің директоры Кан Касапоглу.

Экипажсыз басқарылатын «Марлин» жүйесі ресми түрде енді жеткізілді, алайда НАТО жаттығуларына қатысқанын және біраз тәжірибесі бар екенін атап өткен жөн. Өткен жылы Түркияның қорғаныс алыбы Aselsan мен Sefine жасаған 15 метрлік дрон-кеме сынақтан өткізді.

Тегтер

×

Редакция

$ 443.44  480.51  4.88