Қазақстандық әскерилер Голан жоталарын патрульдеуге шықты

Қазақстандық контингенттің әскери қызметшілері Голан жоталарына 5 күн бұрын жеткен еді

Админ
21/03/2024 - 18:38

Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Қорғаныс министрлігі Голан жоталарындағы бітімгерлік миссиясынан фото жариялады, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Қазақстандық әскери қызметшілердің Голан жоталарындағы БҰҰ миссиясының жауапкершілік аймағының оңтүстік секторына бірлескен патрульдеуге шығуы, - деп фото бөлісті Қорғаныс министрлігі.

Сондай-ақ Голан жоталарында қазақстандық контингент құрамында бітімгерлік миссиясын орындап жатқан Қарулы күштердің әскери қызметшісі 2-сыныпты сержант Саян Жылқайдаров Құрманғазының "Адай" күйін орындап, Қазақстан халқын Наурыз мерекесімен құттықтады.

Айта кетейік, 5 күн бұрын қазақстандық контингенттің әскери қызметшілері Голан биіктеріндегі бітімгерлік базасының күзеті мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тапсырманы орындауға кірісті.

Қазақстандық жасақтың құрамында 139 әскери қызметші бар.

Тегтер

×

Редакция

$ 443.44  480.51  4.88