Қазақстандық әскерилер бітімгерлік миссиясына кірісті

Қазақстандық жасақтың құрамында 139 әскери қызметші бар

Админ
17/03/2024 - 20:44

Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Қорғаныс министрлігі Фауар бітімгерлік базасынан фото жариялады, деп хабарлайды Sarbaz.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстандық контингенттің әскери қызметшілері Голан биіктеріндегі бітімгерлік базасының күзеті мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тапсырманы орындауға кірісті, - деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.

Айта кетейік, Қазақстандық жасақтың құрамында 139 әскери қызметші бар. Олар кеше Қазақстан аумағынан Сирия астанасы Дамаскіге ұшып барып, Фауар бітімгерлік базасына дейін автокөлікпен жетті.

Тегтер

×

Редакция

$ 443.44  480.51  4.88