Шольц Украинаның Ресейге Германия берген қару-жарақпен соққы жасауына рұқсат берді

Германия Украинаны өзін өзі қорғауы тиіс екенін айтты

Админ
31/05/2024 - 16:44

Фото: Chris Emil Janssen / IMAGO / Global Look Press

Фото: Chris Emil Janssen / IMAGO / Global Look Press

Канцлер Олаф Шольц Украинаға Германиядан жеткізілген қарумен Ресей территориясына соққы жасауға рұқсат берді. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Bild басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Германия үкіметі Украина әскеріне берілген қаруды қолдануға қатысты шектеулерді алып тастады. Енді Украина қарулы күштері Харьков облысын қорғау аясында Ресей аумағына соққылар жасай алады, деп хабарлады Берлинде үкімет өкілі Штеффен Хебестрейт.

«Соңғы апталарда Ресей Харьков аймағындағы позициялардан, атап айтқанда Ресей шекарасына тікелей жақын аумақтан шабуылдарды дайындап, үйлестіріп, жүзеге асырып жатыр. Біз Украинаның халықаралық құқық бойынша шабуылдардан өзін қорғауға құқығы бар екенін қолдаймыз.

Осы мақсатта жеткізілген қаруды Украина өзінің халықаралық құқықтық міндеттемелеріне сәйкес пайдалана алады», - деді Хебстрейт.

Осыған дейін канцлер Олаф Шольц Украинаның Ресей аумағына Германия берген қарумен шабуыл жасауына қарсылық білдірген.

Айта кетейік, Джо Байден де Украинаның Ресейге шабуыл жасауы үшін АҚШ қаруын қолдануына рұқсат берді. Ақ үй Украина өзіне шабуыл жасаған немесе шабуылға дайындалып жатқан ресейлік күштерге жауап қайтара алуы керек деп санайды.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91