Қасым-Жомарт Тоқаев Сингапур Премьер-министрінің орынбасарын қабылдады

Кездесуде мемлекеттік құрылым мен жаһандық экономикаға, оның ішінде цифрландыруға, технологияларды дамытуға, жасанды интеллекті және адам капиталына қатысты мәселелер қарастырылды

Sarbaz.kz редакторы
23/05/2024 - 13:16

Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы Сингапур Премьер-министрінің орынбасары – Экономикалық саясат жөніндегі үйлестіруші министр Хенг Суи Кеатты қабылдады, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан-Сингапур бизнес форумын ұйымдастырғаны үшін осы елдің Үкіметіне ризашылығын білдірді. Президенттің айтуынша, бұл шара Қазақстан мен Сингапур компанияларын екі ел нарығында жаңа мүмкіндіктер іздеуге ынталандырады.

Мемлекет басшысы Қазақстанда ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және әлеуетті инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында кешенді реформалар жүргізіліп жатқанын айтты.

Хенг Суи Кеат Орталық Азия және АСЕАН елдерінің ынтымақтастығын кеңейтуге Қазақстан мен Сингапур септігін тигізе алатынын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Хенг Суи Кеат үкіметтер мен бизнес құрылымдардың ықпалдастығын нығайту арқылы екіжақты серіктестікті одан әрі дамытуға дайын екенін растады.

Сонымен қатар кездесуде мемлекеттік құрылым мен жаһандық экономикаға, оның ішінде цифрландыруға, технологияларды дамытуға, жасанды интеллекті және адам капиталына қатысты мәселелер қарастырылды.

×

Редакция

$ 450.79  482.21  5.05