«Дикий Арман» мен Қайрат Құдайбергеннің ісі неге ұзаққа созылды – Жоғарғы сот жауабы

«Қылмыстық істің материалы орасан болса, сот оның бәрін толықтай зерттеуге міндетті»

Админ
14/06/2024 - 11:38

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy

Жоғарғы Сот Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Назгүл Рахметуллина Парламент палаталарының бірлескен отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында Қаңтар оқиғасына байланысты айыпталған «Дикий Арман» мен Қайрат Құдайбергеновтің ісі неге ұзаққа созылып жатқаны туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

«Дикий Арман» мен Қайрат Құдайбергеновтің ісі неге тым ұзақ жүріп жатыр? Қаңтар төңкерісінің ұйымдастырушылары ретінде Кәрім Мәсімовті, ҰҚК басшылығын соттап, Самат Әбішевке шартты мерзім кесті ғой. Ал «Дикий Арман» мен Қайрат Құдайбергеннің ісі әлі бітпей жатыр», – деп сұрады журналист.

Назгүл Рахметулинаның пайымдауынша, мәселе істің күрделі болуына байланысты аяқталмай жатыр.

«Мен ол іспен таныс емеспін және оған қол жеткізе алмаймын. Өйткені іс басқа инстанцияда қаралып жатыр. Сот өндірісіндегі істердің бәрі, алғашқы не апелляциялық инстанциядағы іс болса да, не болып жатқаны туралы бізге есеп бермейді. Әр инстанция өз қызметін абсолютті тәуелсіз жүргізеді. Менің білуімше, иә, сіз айтып отырған істің өндірісі әлі аяқталмаған. Аяқталған сәтте, әрине, ақпарат болады. Яғни тергеу жүріп жатыр деген сөз. Кейбір істер бір эпизодтан ғана тұрады. Бір ғана жәбірленуші мен жалғыз куәгер болса, бірнеше отырыстан кейін істі аяқтауға болады. Ал кейбір істерде 50 сотталушы, 250 жәбірленуші болады. Қылмыстық істің материалы орасан болса, сот оның бәрін толықтай зерттеуге міндетті. Сондықтан мен бұл істің нақты қашан аяқталатынын айта алмаймын», – деді Жоғарғы сот өкілі. 

×

Редакция

$ 477.03  521.44  5.43