Израиль: Газада геноцид жасалды деген айыптың еш қисыны жоқ

Гаага сотында Израиль өкілдері сөз сөйледі

Sarbaz.kz редакторы
17/05/2024 - 16:16

Фото: Euronews

Фото: Euronews

Гаага сотында Израиль өкілдері геноцид туралы айыптауларды жоққа шығарып, Газа секторының оңтүстігіндегі Рафах қаласындағы әскери әрекетті өзін-өзі қорғау деп атады. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Bild басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Израиль билігі атынан сөйлеген сөзінде Гилад Ноам Оңтүстік Африканың Халықаралық сотқа берген шағымдарын «шындықты бұрмалау» деп атады. Оның айтуынша, бұл ел халықаралық құқықты «менсінбейтін және мысқылмен» теріс пайдаланып отыр.

Ноамның айтуынша, Рафах ХАМАС-тың зымыран атқылайтын негізгі қала болып отыр. Бұған қоса, ұйым мүшелері көптеген тұтқындарды ұстап отыр, ал олардың кейбірі Рафахта отыр деген болжам бар.

Ол өз сөзінде Израиль қайта гуманитарлық көмек көрсетіп, Газа секторындағы бейбіт тұрғындарды қорғау үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатқанын айтты.

Айта кетейік, жуырда Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Израильдің Газа секторында 40-45 мың адамды өлтіргенін мәлім етті.

Тегтер

×

Редакция

$ 475.39  513.37  5.4