Ердоған: Израиль 40-45 мың палестиналықты аяусыз өлтірді

Түркия Израильмен сауданы толығымен тоқтатты

Sarbaz.kz редакторы
10/05/2024 - 17:51

Фото: TRT

Фото: TRT

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Израильмен сауданы толығымен тоқтату шешімінің  өздері үшін өте қажет қадам деп санағанын айтты. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі TRT сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ердоған Ыстанбұлда өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеме жасады.

Түркияның Израильге экспортын толығымен тоқтатқанын айтқан Ердоған Израильдің палестиналықтарға қарсы қырғындарының қабылданбайтынына тоқталды.

«Израиль осы уақытқа дейін 40-45 мың палестиналықты аяусыз өлтірді. Мұсылман болғандықтан, бұл жағдайға қол қусырып қарап отыра алмаймыз. Осы жайлы қажетті қадамдар жасап жатырмыз», - деді Ердоған.

Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхудың палестиналықтарға қарсы қырғындарына наразылық білдірген Ердоған «Нетеньяху қатыгез, ол балаларға, әйелдер мен қарттарға қатыгездік көрсетті» деді.

Айта кетейік, осыған дейін Түркия Газадағы соғысқа байланысты Израильмен сауда қарым-қатынасын тоқтатып, импорт пен экспортқа тыйым салғаны хабарланған болатын.

×

Редакция

$ 485.11  523.82  5.02