АҚШ үкіметі: Израиль Газада геноцид жасап жатқан жоқ

Ердоғанның айтуынша, Израиль 40-45 мың палестиналықты аяусыз өлтірді

Sarbaz.kz редакторы
14/05/2024 - 15:58

Фото: AP / Fatima Shbair

Фото: AP / Fatima Shbair

Америка Құрама Штаттары Газа секторында ХАМАС ұйымымен соғыс кезінде палестиналықтарды геноцид жасады деген айыптауға байланысты Израиль басшылығын қорғаштады. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Bild басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

«Біз Газада болып жатқан оқиғалардың геноцид екеніне сенбейміз. Біз мұндай пікірді әрқашан үзілді-кесілді жоққа шығарамыз», - деді АҚШ президенті Джо Байденнің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джейк Салливан.

Оның айтуынша, АҚШ бұл мәселе бойынша өз ұстанымын жазбаша және егжей-тегжейлі түрде Халықаралық сотқа ұсынған.

Айта кетейік, жуырда Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Израиль 40-45 мың палестиналықты аяусыз өлтіргенін мәлім еткен болатын.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91