Балтық теңізі аймағында GPS ақауларына Ресей жауапты – Эстония

Проблема Эстонияға ғана емес, Латвия, Литва, Финляндия, Норвегия, Швеция және Польша елдеріне де қатысты

Sarbaz.kz редакторы
02/05/2024 - 16:56

Фото: Gelio.livejournal.com

Фото: Gelio.livejournal.com

Эстонияның СІМ басшысы Балтық теңізі аймағында GPS сигналындағы ақауларға Ресей жауапты екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

«Біз Ресейдің Украинадағы агрессиясының басынан бері GPS сигналдарын бұзып жатқанын білеміз. Соңғы бір жарым жыл ішінде бұл мәселе біздің аймақта өте күрделі болды», - деді Эстонияның сыртқы істер министрі Маргус Цахкна.

Оның айтуынша, проблема тек Эстонияға ғана емес, Латвия, Литва, Финляндия, Норвегия, Швеция және Польша елдеріне де қатысты.

«Егер біз Ресейдің әрекетіне қарасақ, GPS-ке жасалған шабуыл өмірімізге кері әсер ететіні және халықаралық келісімдердің барлық түрін бұзатын гибридті әрекеттің бір бөлігі», - деді Цахкна.

Ресей қатысушысы болып саналатын конвенция бойынша GPS жұмысына ешкім кедергі жасамауы керек. Алайда GPS жұмысына кедергі Санкт-Петербург, Псков және Калининград облыстарынан келіп жатқаны туралы көптеген дәлелдер бар, деді Эстония Сыртқы істер министрі.

Бұған дейін Finnair GPS сигналының бұзылуына байланысты Тарту қаласына рейстерді тоқтатқан болатын.

«Қазіргі уақытта Тарту әуежайында қолданылатын жақындау процедуралары GPS сигналына негізделген. Аймақтағы GPS кедергісі бұл процедураның тиімділігіне әсер етеді», - делінген әуе компаниясының хабарламасында.

Айта кетейік, осыған дейін Балтық жағалауы елдері бұл проблемаға Ресейді айыптаған болатын.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91