«Аймақтағы GPS-ті өшірді»: Балтық жағалауы елдері Ресейді айыптады

«Ресей GPS жұмысын тежеп, Балтық теңізі аймағында әуе қатынасына кедергі келтіреді»

Нұрдәулет Кәкіш
29/04/2024 - 15:42

Фото: SHUTTERSTOCK

Фото: SHUTTERSTOCK

Ресейді айыптап отырған Эстония, Латвия және Литва Сыртқы істер министрлері Балтық теңізі аймағында GPS спутниктік навигациялық жүйесінің жұмысын тоқтатуға байланысты авиациялық апаттар қаупінің артқанын ескертті. Бұл туралы Financial Times газеті жазды, деп Sarbaz.kz тілшісі.

«Ресей шекарасына жақын Балтық аймағындағы жағдай тым қауіпті болып барады. Оны елеусіз қалдыруға болмайды», - деді Литва СІМ басшысы Габриэлюс Ландсбергис.

«Біз GPS-пен не болып жатқанын Ресейдің қастандық әрекеттерінің бір бөлігі ретінде қарастырамыз және біз оны одақтастарымызбен талқылаймыз», - деді Эстония сыртқы саясат департаментінің басшысы Маргус Цахкна.

Оның айтуынша, мұндай әрекеттер гибридті шабуыл болып саналады. Ол Балтық жағалауына қауіп төндіреді.

Латвияның Сыртқы істер министрі Байба Браже Балтық елдері GPS-ке қатысты бұл жағдайға бей-жай қарамайтынын, осы мәселе бойынша көрші мемлекеттердегі әріптестерімен кеңесетінін атап өтті.

×

Редакция

$ 482.86  533.17  5.08