Екінші дүниежүзілік соғыстан қалған: Германияда соңғы екі аптада екі бомба табылды

Ол стадионның жанындағы университет аумағында құрылыс жұмыстары кезінде табылған

Sarbaz.kz редакторы
26/04/2024 - 12:57

Фото: 10 Tampa Bay / Youtube

Фото: 10 Tampa Bay / Youtube

Германияның «Майнц» футбол клубының стадионы маңынан Екінші дүниежүзілік соғыс кезінен бері жарылмай қалған бомба табылды. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Bild басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Майнц қаласындағы Mewa арена маңынан соңғы екі аптада екінші рет Екінші дүниежүзілік соғыстан қалған бомба табылды.

Бұл жолы осы жексенбіде өтетін «Кельн» командасымен кездесуге дайындық барысында стадионға жақын жерден 500 келілік жарылмаған америкалық бомба табылды.

Ол стадионның жанындағы университет аумағында құрылыс жұмыстары кезінде табылған. Бомба 26 сәуірде залалсыздандырылуы керек. Ол үшін 4600-ге жуық жергілікті тұрғын эвакуациялануы тиіс.

Табылған бомба «Майнцтың» жаттығуларына тікелей әсер еткен жоқ, өйткені ойыншылар басты аренадан үш шақырым жерде чемпионат матчтарына дайындалып жатыр. Дегенмен осыған байланысты команданың бас бапкері Бо Хенриксеннің баспасөз мәслихаты кейінге шегерілді.

×

Редакция

$ 439.43  473.31  4.82