Владимир Зеленский: Соғыста 31 мың украиналық, 180 мың ресейлік қаза болды

Бұл бір жылдан астам уақыттағы алғашқы ресми мәлімдеме

Sarbaz.kz редакторы
26/02/2024 - 16:05

Фото: Украина президентінің баспасөз қызметі

Фото: Украина президентінің баспасөз қызметі

Украина президенті Владимир Зеленский Ресеймен соғыста 31 мың әскерінен айырылғанын мәлім етті. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Зеленский Киевте өткен баспасөз мәслихатында жараланғандардың санын нақты айта алмайтынын, себебі бұл Ресейдің әскери жоспарына пайда беруі мүмкін екенін айтты.

«Бұл соғыста 31 мың украиналық әскери қызметкер қаза тапты. 300 мың емес, 150 мың емес, Путин мен оның жақтастары айтқандай... Бірақ мұның өзі біз үшін үлкен шығын.

Сонымен қатар біз оккупацияланған аумақтарда он мыңдаған украиналық өлтірілгенін білеміз», - деді Зеленский.

Ол өз сөзінде Ресей әскерінің шығынын да тілге тиек етіп өтті.

«180 мың ресейлік қаза болды. Оларда қанша адам із-түзсіз жоғалып кеткенін білмеймін, бірақ жараланғандармен қоса есептегенде 500 мыңға дейін жететінін білемін», - деді Украина президенті.

Айта кетейік, осыған дейін BBC агенттігі Ресей Украинамен соғыста 45 мыңнан астам әскерінен айырылғанын хабарлаған болатын.

×

Редакция

$ 439.43  473.31  4.82