Ресей Украинамен соғыста 45 мыңнан астам әскерінен айырылды

Авдеевкаға шабуыл жасағандардың басым бөлігі – Ресей түрмелерінде отырғандар, еріктілер және мобилизацияланғандар

Sarbaz.kz редакторы
22/02/2024 - 16:58

Фото: Getty Images

Фото: Getty Images

BBC агенттігі «Медиазона» басылымымен (Ресейде «иноагент» деп танылған) және еріктілер командасымен бірге 2022 жылдың ақпанынан бастап Украинада соғыста қаза тапқан ресейліктер туралы мәліметті анықтады, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Украинамен соғыста қаза болған 45 123 ресейліктің есімі анықталды. Олардың кем дегенде 6614-і – 2023 жылдың қазанынан 2024 жылдың ақпанына дейінгі аралықта қайтыс болды. Бұл Ресей әскерінің Авдеевкаға және Донецк облысының көршілес аудандарына шабуылға шыққан кезеңі.

Некрологтардың талдауы бойынша, Авдеевкаға шабуыл жасау кезінде негізгі күшті әскерге жаңадан алынған қарапайым азаматтар құраған. Олар – Ресей түрмелерінде отырғандар, еріктілер және мобилизацияланғандар.

BBC қаза болған ресейлік сарбаздың бірі – 30 жастағы Денис Кузнецов. Ол соғысқа Иркутскіден алынған. 2023 жылдың 29 желтоқсанында ол жарақат алады. Бірақ бір айға жетер-жетпес уақыт өткен соң Авдеевкадағы майданға жіберіледі. 29 қаңтарда Денис дроннан атылған снарядтан жараланады. Өкінішке қарай, 31 қаңтар күні әріптестері оны өлі күйінде тапты.

Украинамен соғыста Ресей 2023 жылы 27 906 адамынан айырылды. Бұл соғыстың алғашқы жылынан 57%-ға көп (2022 жылы – 16 044 адам).

×

Редакция

$ 443.72  482.28  4.9