«26 жыл еңбек өтіліммен 73 мың теңгемен шықтым»: әскери зейнеткер зейнетақысына налыды

Сұлтан Қамалетдинов Мәжілісте 2020 жылға дейін қолданыста болған әлеуметтік кепілдікті қайтаруды ұсынды

Sarbaz.kz редакторы
09/02/2024 - 17:42

Фото: Informburo.kz

Фото: Informburo.kz

Бүгінде әскерилердің табысы, зейнетақысы, әлеуметтік жағдайы өзекті мәселелердің бірі болып тұр. 26 жылын әскери салаға арнаған зейнеткер зейнетақысына кейіс білдірді, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

«26 жыл стажбен 73 мың теңгемен шықтым, тау-тас аралап, бүкіл денсаулықты армияға бердім. Қаңтарда 7 мың қосылып, 80 мыңға жетті. Тараз», - деп жазды TikTok желісін қолданушы.

Айта кетейік, осыған дейін Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы Күштер Бас штабының бастығы Сұлтан Қамалетдинов Парламент Мәжілісінде 2020 жылға дейін қолданыста болған әлеуметтік кепілдікті қайтаруды ұсынған. Ал бұл әлеуметтік кепілдікте қандай жағдайлар жасалған?

×

Редакция

$ 495.2  522.34  4.94