GLSDB бомбасы тіпті АҚШ-тың қаруына қабылданбаған
Пентагон Украина майданына жіберуі мүмкін жоғары дәлдіктегі жаңа бомбаны сынақтан сәтті өткізді. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Politico-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Төрт дереккөздің айтуынша, GLSDB бомбалары – Украинаның ғана емес, тіпті АҚШ-тың да қаруына қабылданбаған. Бұл – Boeing шығарған ұзақ қашықтықтағы қару.
Шамамен 150 шақырымға ұшатын жаңа бомба Украинаның әскери әлеуетін айтарлықтай күшейтеді деген болжам бар.
Жоғары дәлдіктегі GLSDB оқ-дәрілері М26 зымыранының қозғалтқыш бөлігімен біріктірілген. Ол HIMARS зымыран кешені арқылы 150 км-ге дейін ұшыруға арналған.