Нысанаға дөп тигізу: әскери әйел 100-ден 91 балл жинады

Ату нәтижесі бойынша дәл тигізуден жоғары ұпай жинағандар да бар

Sarbaz.kz редакторы
24/01/2024 - 22:25

Фото: Думан Құрманғалиев

Фото: Думан Құрманғалиев

«Астана» өңірлік қолбасшылық әскерлеріне қарасты 06708 әскери бөлімінің жеке құрамы кезекті жауынгерлік жоспар бойынша атыс дайындығынан өтті, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Сабақ жетекшілері жеке құрамды оқ атудағы барлық пәрмендi бiлуі, атысты дер кезінде орындауы және атыс кезiндегi техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау жөніндегі нұсқаулықтармен таныстырды.

Ату нәтижесі бойынша дәл тигізуден жоғары ұпай жинап, үздіктер қатарынан көрінгендер де бар. Солардың бірі – келісімшарт бойынша қызметкер сержант Ләззәт Жанділдаева 91 ұпай жинады.

Жеке құрамның атыс дайындығы сабағын 06708 әскери бөлімінің командирінің жауынгерлік дайындық бойынша орынбасары подполковник Жәнібек Мамбетов өзі бақылады.

– Шеберлік жаттығуда шыңдалады. Әскери ортадағы әрбір қызметкер жауынгерлік даярлықтағы шеберліктерін күннен күнге артып келеді. Олардың жоғары деңгейдегі көрсеткіштері жаттығулардың нәтижесі деп білеміз, – деді әскери қызметшілердің атыс дайындығы сабағындағы көрсеткіштеріне жоғары баға берген 06708 әскери бөлімінің командирінің жауынгерлік дайындық бойынша орынбасары.

Айта кетейік, Абай гарнизонының Әскери госпиталінде әскери медбике дәл тигізу бойынша 100-ден 90 балл жинаған.

Тегтер

×

Редакция

$ 476.27  515.47  5.41