Украинада тұратын этникалық қазақ тасқын судан зардап шеккен қазақстандықтарға үндеу жолдады

Марат Дәрменов: «Осы жолғы көмекті Украинаға емес, елдегі табиғи апаттан зардап шеккен қазақстандықтарға жөнелтіңіздер»

Нұрдәулет Кәкіш

Соғыстан зардап шеккен Украинаның әртүрлі қалалары мен елдімекендеріне Киевтен қажетті заттарды тасымалдап жүрген волонтерлердің бірі, Украинада тұратын этникалық қазақ Марат Дәрменов тасқын судың зардабын көріп отырған қазақстандықтарға үндеу жолдады, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі.  

«Дәл қазір Украинаның Киев қаласынан Херсон қаласына жол жүргелі тұрмыз. Ол жаққа көмек ретінде апаратын жүгімізді тиеп алдық. Бұл заттарды Украинаның соғыстан зардап шеккен халқына көмек ретінде (елдегі су тасқынына дейін) қазақстандықтардан келіп түскен қаражатқа сатып алған болатынбыз. Сол көмек беріп жатқан достарымызға, қандастарымызға ендігі көмекті бізге (Украинаға – ред.) емес, елдегі табиғи апаттан зардап шеккен тұрғындарға жөнелтіңіздер деп айттық», - деді Марат Дәрменов

Сонымен қатар ол жүк көлігіне тиелген жүк негізінен жөргек, жаялық, балалар киімі, арбалар, ойыншықтар сияқты балаларға арналған заттар екенін атап өтті. Көлікке сыймаған заттарды қосымша тіркемеге толтырып тиеп алғанын тілге тиек етті.

«Су тасқынынан зардап шеккен жерлестерімізге сабырлылық тілеймін. Бұл мәселе әкімдердің де, имамдардың да қолында емес, бәрі бір Алланың қолында. Жаратушы тек жақсылыққа жетелеп, тасқын судың қаупі сейіліп, барлығы бұрынғы қалпына тезірек жетуіне тілектеспін. Бүкіл әлемде бейбітшілік орнасын! Еліміз, жеріміз тыныш болсын!» - деді ол.

Бұған дейін Марат Дәрменов Sarbaz.kz тілшісіне Украинадағы ахуал туралы сұхбат берген болатын.

__Последние новости

  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
Админ
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 07:02