Резервтегі әскери қызметшілер: әскери қызметтің жаңа түрінің артықшылықтары

Резервтегі қызмет Қарулы Күштерді толықтырудың қосымша жедел әдісі ретінде қажет

Тиімділік, жауынгерлік дайындық, білім. Қазақстан Қорғаныс министрлігінің өкілі әскери қызметтің жаңа түрі – резервтегі қызметтің бірқатар артықшылықтарын атап өтті, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

«Резервші сын сағат туындағанда өзінің жауынгерлік қабілетін, жұмыс орнын, қару-жарақ пен оқ-дәрілері бар техникаларды қысқа мерзімде дайындыққа келтіре алатынын, өзінің жауынгерлік міндеттерін орындай алатынын біледі», - деп түсіндірді ҚР ҚК Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмысы департаменті бастығының орынбасары, полковник Азамат Дүсімов «Хабар» телеарнасының «Итоги»бағдарламасында.

Қазіргі уақытта Қазақстанда әскери қызметшілер келісімшарт бойынша қызмет етеді, осылайша тұрақты жауынгерлік дайындық күштерін қалыптастырады. Сондай-ақ, аралас типтегі әскери бөлімдер бар: келісімшарт бойынша әскери қызметшілер және мерзімді әскери қызмет сарбаздары. Резервтегі қызмет Қарулы Күштерді толықтырудың қосымша жедел әдісі ретінде қажет.

«Жұмылдырудың классикалық тәсілі көп уақытты алады. Оларды шақыру, хабарлау, киім формасын, оқ-дәрілерді дайындау, ротаны үйлестіру-ұйымдастыру секілді көптеген мәселелер бар. Резервтегі қызмет көзделген әскери бөлімдерде қысқа мерзімде жұмылдырылуы мүмкін», - деді Азамат Дүсімов.

Заманауи техника қолданысқа еніп, ұрыс әдістері өзгерген сайын, соған сәйкес жауынгерлерді заманауи дайындау қажет. Оқу бағдарламаларын жаңарту, заманауи технология бойынша жұмыс, атап айтқанда, ұшқышсыз ұшақтармен жұмыс істеу, деп түсіндірді Қорғаныс министрлігінің өкілі.

Айта кетейік, бағдарламада «ГИС Әскери Медиа» ЖШС директорының орынбасары, запастағы майор Тимур Кубеков резервке алынатын екі мың әскери міндеттінің рөлі туралы түсіндірген болатын.

Наргиз Мукатаева

__Последние новости

  • Басты назарда

Әскери-техникалық мектептің түлектері

Бүгін, 10:36
Админ
  • Басты назарда

Салтанатты жағдайда күтіп алды

Кеше, 16:34
  • Басты назарда

Қортынды тексеріс

21/04/2025 - 17:17
  • Басты назарда

Көктемгі әскерге шақыру

21/04/2025 - 09:32
  • Басты назарда

Психологтар жиыны

20/04/2025 - 14:47
  • Басты назарда

Ерлікке тағзым етеміз!

20/04/2025 - 11:51
  • Басты назарда

Қазақ халқының жауынгерлік қасиеті

18/04/2025 - 11:52
  • Басты назарда

Салтанатты түрде шығарып салды

18/04/2025 - 11:12
  • Басты назарда

Тактикалық-арнайы жаттығу

16/04/2025 - 09:14
  • Басты назарда

«Сардар» қалалық кешенді олимпиадасы

15/04/2025 - 16:01
  • Басты назарда

Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы

15/04/2025 - 10:56
  • Басты назарда

«Жігіт сұлтаны» байқауы

14/04/2025 - 16:00