Тимур Кубеков: Резервке алынатын екі мың әскери міндеттінің рөлі жоғары

«Әр өңірден қабылданатын 100 әскери – үлкен күш»

Нұрдәулет Кәкіш
01/12/2023 - 16:35

Фото: Видеодан скриншот

Фото: Видеодан скриншот

2025 жылдан бастап резервке алынатын екі мың әскери не шеше алады? Олардың рөлі қандай? Бұл сұраққа «ГИС Әскери Медиа» ЖШС директорының орынбасары, запастағы майор Тимур Кубеков «Хабар» телеарнасындағы «Итоги» ток-шоуында жауап берді, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі.

«Резервке әр өңірден жүз-жүзден қабылданатын әскери міндеттілер тек атқыштардан тұрмайды. Олар саперлар немесе инженерлер болуы мүмкін. Мысалы, бронотехниканың инженері болуы да ғажап емес. Ал 100 инженер дегеніміз – үлкен күш шынында. Олар көптеген мәселені шеше алады», - деді Тимур Кубеков.

Оның айтуынша, енді енгізіліп жатқан бұл жүйе қорғаныс саласы үшін өте тиімді.

«Себебі бұған дейін, яғни қазіргі жағдайда сарбаз өзінің міндетін атқарып болған соң запастағы әскери болып саналғанмен, оны мобилизацияға мысалы, 10 жылдан кейін бір-ақ шақыруы мүмкін. Бірақ ол кезде соғыс тәсілі, технологияның бәрі жаңарған. Демек ол адам заманауи соғысқа дайын болмай шығуы мүмкін. Ал резервтегі әскерилер үнемі дайындықта болады. Осы уақытқа дейін бұл мәселе үлкен сұрақ болып келген еді. Сондықтан қорғаныс саласы үшін бұл жүйе өте тиімді шешім деп есептеймін», - деді ол.

×

Редакция

$ 490.84  536.88  5.04