«Киев аспанын қара түнек басты»: Украинада тұратын қазақ соғыстың алғашқы күндері туралы

«Қазіргі уақытта волонтер ретінде Херсонға, Донбассқа барып тұрамын»

Нұрдәулет Кәкіш

Украинада 21 жылдан бері тұрып жатқан этникалық қазақ, бүгінде қарапайым халықтың ортасында жүрген волонтер Марат Дәрменов соғыстың алғашқы күндеріндегі жағдай туралы айтты, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі.

«2022 жылдың 24 ақпанында соғыс басталған сәттен бастап осындамыз. Бәрін өз көзімізбен көріп келеміз. Орыстың әскерлерімен бетпе-бет келмесек те, жарылыстың бәріне куә болып жүрміз. Әсіресе, 2022 жылдың 27-28 ақпан күндері Киевтің айналасын қара түтін басып, қатты өрт болды. Әртүрлі ғимараттар, қоймалар өртенді. Қара түтіннен тіпті күн көрінбей қалды. Түтін аспандағы бұлт сияқты торуылдады. Бүкіл Киев облысының аспанын қара түнек басып кетті», - деді Марат Дәрменов Sarbaz.kz тілшісіне.

Соғыс басталғаннан бері көптеген қазақ азаматтарының елге қайтқанын тілге тиек еткен ол Украинада қалған қазақтардың бәрі аман-есенін жеткізді.

«Мен қазіргі таңда Киевтің іргесіндегі Белогородкада тұрамын. Тас жолымен есептегенде Буча бізге 20 шақырым ғана қашықтықта орналасқан. Жарылыс бізге жақындай бастағанда Бучадағы сияқты қатты жарылыстар болса, ешқайда шыға алмай қалмас үшін елдімекен тұрғындары уақытша жан-жаққа кеттік. Бір айдан аса туыстарымыздың үйінде жүрдік. Бәрі ептеп тынышталған соң үйімізге қайттық. Қазіргі уақытта волонтер болып жүрмін. Херсонға барып тұрамын. Өткенде Донбасс жаққа досымның көлігін апарып тастадым. Сол жақтан баламның көлігін жөндетуге сүйреп алып келдім. Қаншама ауылды жерлер қирап, қалалар қаңырап бос қалған», - деді ол.

Волонтер Марат Дәрменовпен болған сұхбаттың толық нұсқасын осы сілтеме арқылы оқи аласыз.

__Последние новости

  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
Админ
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 07:02