БҚО-да екі көлік бетпе-бет соғысып, 4 адам қаза тапты

Тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтап жатыр

Sarbaz.kz редакторы
22/09/2023 - 23:43

Батыс Қазақстан облысында тасжолда екі көлік бетпе-бет соғысып, салдарынан төрт адам қаза тапты. Бұл туралы Sarbaz.kz «Мой город» порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Белгілі болғандай, қайғылы оқиға бүгін, яғни 22 қыркүйекте сағат 12:00 шамасында Орал-Кирсанов жолында, Спартак ауылына жақын маңда болған.

«БҚО ПД мәліметінше, ВАЗ-21012 мен  Lada Granta көліктері бетпе-бет соқтығысқан. Жол апаты салдарынан Lada Granta көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы қаза тапты. Зардап шеккен бір адам ауруханаға жеткізілді», - делінген хабарламада.

БҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, қаза болғандардың денесін құтқарушылар арнайы құралдардың көмегімен шығарған. Оқиға орнында ведомствоның жеті қызметкері жұмыс істеді.

Тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтап жатыр.

Еске салайық, бұған дейін БҚО-да жантүршігерлік жол-көлік апаты салдарынан ерлі-зайыпты мен олардың төрт баласы қаза тапұанын хабарлаған болатынбыз.

Тегтер

×

Редакция

$ 443.44  480.51  4.88