Тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтап жатыр
Батыс Қазақстан облысында тасжолда екі көлік бетпе-бет соғысып, салдарынан төрт адам қаза тапты. Бұл туралы Sarbaz.kz «Мой город» порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Белгілі болғандай, қайғылы оқиға бүгін, яғни 22 қыркүйекте сағат 12:00 шамасында Орал-Кирсанов жолында, Спартак ауылына жақын маңда болған.
«БҚО ПД мәліметінше, ВАЗ-21012 мен Lada Granta көліктері бетпе-бет соқтығысқан. Жол апаты салдарынан Lada Granta көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы қаза тапты. Зардап шеккен бір адам ауруханаға жеткізілді», - делінген хабарламада.
БҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, қаза болғандардың денесін құтқарушылар арнайы құралдардың көмегімен шығарған. Оқиға орнында ведомствоның жеті қызметкері жұмыс істеді.
Тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтап жатыр.
Еске салайық, бұған дейін БҚО-да жантүршігерлік жол-көлік апаты салдарынан ерлі-зайыпты мен олардың төрт баласы қаза тапұанын хабарлаған болатынбыз.