Сарышағанда ТМД елдерінің әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесінің дайындығы өтіп жатыр

Оқу-жаттығудың белсенді кезеңін Армения, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстанның қорғаныс ведомстволары бақылайды

Sarbaz.kz редакторы
04/09/2023 - 20:46

«Сарышаған» полигонында ТМД-ға мүше мемлекеттердің әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі біріккен әскерлерінің (күштерінің) жауынгерлік атысымен қоса өтетін «Жауынгерлік достастық-2023» оқу-жаттығуына дайындық жүріп жатыр. Бұл туралы Sarbaz.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл оқу-жаттығудың белсенді кезеңін Армения, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстанның қорғаныс ведомстволары мен ӘШҚҚ әскерлерінің өкілдері бақылайды.

Оқу-жаттығуға қазақстандық күштер мен әуе шабуылына қарсы қорғаныс құралдарынан басқа Қырғызстан Қарулы күштері зениттік-зымырандық кешендерінің жауынгерлік есептоптары да қатысады. Олардың әскери контингенті Жамбыл және Қарағанды облыстары арқылы өтеді.

ТМД-ға мүше елдердің біріккен ӘШҚҚ жүйесі шеңберінде оқу-жаттығуға жұмылған елдердің сыртқы шекараларын күзету бойынша бірлескен жауынгерлік кезекшілік жүзеге асырылмақ.

Аталған шара 1995 жылғы 10 ақпандағы ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің біріккен әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесін құру туралы келісімге сәйкес ұйымдастырылып отыр. Қолданыстағы жоспар бойынша оқу-жаттығу екі жылда бір рет өткізіледі.

Тегтер

×

Редакция

$ 495.2  522.34  4.94