Оқиға 31 тамыз күні Астана уақытымен сағат 05.19-да болған
Орал қаласында 9 қабатты үй өртеніп, 2 адам қаза тапты, деп хабарлайды Sarbaz.kz.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға 31 тамыз күні Астана уақытымен сағат 05.19-да Х.Есенжанов көшесі, 1/1 мекенжайында болды.
«Өрт сегізінші қабаттағы қосалқы үй-жайдан басталған. Өрт сөндірушілердің күшімен 18 адам құтқарылды. Оған қоса 27 адам эвакуацияланды. Пәтерлердің бірінен улану белгілерімен 1973 жылғы ер адамның мүрдесі табылды. 1979 жылғы әйел жедел жәрдем көлігінде көз жұмды. «Тілсіз жау» сағат 06.09-да оқшауланып, 06.34-те толықтай ауыздықталды. Қазіргі кезде оқиғаның себеп-салдары, келген шығын анықталу үстінде», - делінген ведомство таратқан хабарламада.