«Әрбір оқушы төтенше жағдайларда қалай әрекет ету керек?»: министр үндеу жасады

ТЖМ халықтың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру бағытында жұмыс істеуде

Sarbaz.kz редакторы
31/08/2023 - 17:26

Фото ашық дереккөзден

Фото ашық дереккөзден

Сырым Шәріпханов Білім күні қарсаңында оқушыларға, ата-аналар мен ұстаздарға тілегін білдірді. Бұл туралы Sarbaz.kz ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

ТЖМ халықтың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру бағытында жұмыс істеуде.

Өскелең ұрпақтың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға басымдық беріледі.

«Министрлік төтенше жағдайларды жоюдан алдын алуға көшу бағдарламасын қабылдады. Мен оқушыларымызды осы бағыттағы сауаттылықты арттыру бастамасына қосылуға шақырамын. Біз апаттарға төтеп беріп, сауаттылығымызды арттыруымыз керек. Әрбір оқушы төтенше жағдайларда қалай әрекет ету керек, төтенше жағдайлардың алдын алуды білуі қажет», - деп атап өтті министр.

Тегтер

×

Редакция

$ 443.44  480.51  4.88