Иран 7 мың метр биікте 24 сағат тоқтаусыз ұшатын дронын таныстырды

Максималды жылдамдығы – сағатына 210 километр

Sarbaz.kz редакторы
23/08/2023 - 17:42

Фото: IRNA

Фото: IRNA

Иран президенті Ибрахим Раиси Mohajer-10 ұшқышсыз ұшу аппаратын таныстырды, ол тәулік бойы 7 шақырым биіктікте және 2 мың шақырым қашықтықта тоқтаусыз ұша алады. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Farsnews агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Қорғаныс өнеркәсібі күніне орай Сейед Эбрахим Раиси елдің осы саласының соңғы жетістіктерінің көрмесін тексеру барысында 7000 метр биіктікте 24 сағат бойы және 2000 километр радиуста ұша алатын Mohajer-10 ұшқышсыз ұшу аппаратын таныстырды», – делінген хабарламада.

Агенттіктің мәліметінше, бұл дрондағы отынның максималды қоры – 450 литр, жүктің максималды салмағы – 300 килограмм, максималды жылдамдығы – сағатына 210 километр. Mohajer-10 әртүрлі оқ-дәрілерді, Ghaem және Almas бомбаларын тасымалдауға қабілетті, сонымен қатар радиоэлектронды күрес және барлау жүйелерімен жабдықталған.

Тегтер

×

Редакция

$ 475.03  517.21  5.44