Қасым-Жомарт Тоқаевтың Вьетнамға жасаған ресми сапары аяқталды

Ақорда хабарлама таратты

Sarbaz.kz редакторы
22/08/2023 - 20:41

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Вьетнам Социалистік Республикасына ресми сапары аяқталды. Бұл туралы Sarbaz.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Еске салайық, Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнамға ресми сапармен барған болатын. Мемлекет басшысы Вьетнам басшысымен келіссөздер жүргізіп, оны елімізге мемлекеттік сапармен келуге шақырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев сапар аясында Вьетнам Премьер-Министрі Фам Минь Чиньмен, Вьетнам Ұлттық жиналысының төрағасы Выонг Динь Хюэмен және Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысымен Нгуен Фу Чонгпен кездесті.

Осы жолғы сапар аясында Қазақстан мен Вьетнам арасында 12 құжатқа қол қойылды.

Енді Қазақстан азаматтары Вьетнамға визасыз бара алады.

Тегтер

×

Редакция

$ 475.03  517.21  5.44