ҚР ТЖМ: «Қазақстан» шахтасындағы өрт әлі сөндірілген жоқ

Шахтаның астында қалып қойған бес кеншінің денесі табылды

Sarbaz.kz редакторы
22/08/2023 - 17:15

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі «Қазақстан» шахтасында болып жатқан жағдайдан видео жариялады, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Ведомствоның хабарлауынша 22 тамызда сағат 8.00-дегі жағдай бойынша Қазақстан шахтасындағы жағдай: авариялық қазбадағы өрт ошақтары әлі де жанып жатыр, жағдай жақсарған жоқ.

«Өртті таралуына жол бермеу үшін жұмыстар жүргізілуде. Осыған байланысты КӘАҚҚ РШО шахтадағы аварияны жою штаб басшылығы гипстен көпірлер салу арқылы апатты учаскені оқшаулау туралы шешім қабылдады.

Көпірлер салу орындары анықталды, материалдарды жеткізу басталды, содан кейін барлық күштерді апаттық учаскені оқшаулауға жіберу жоспарланып отыр», - делінген министрлік хабарламасында.

Айта кетейік, Еске салсақ, 17 тамыз күні Қарағанды облысындағы 227 кеншісі бар «Қазақстан» шахтасы өртенген болатын. Салдарынан 222 адамды жер бетіне жедел көтеру мүмкін болды, сегізі зардап шекті. Ал шахтаның астында қалып қойған бес кеншінің денесі табылды.

Тегтер

×

Редакция

$ 475.03  517.21  5.44