Көненің көзіне айналған ұлттық аспабымызды ұлықтау мақсатында 2018 жылдан бері Қазақстанда шілде айының алғашқы жексенбісі «Ұлттық домбыра күні» деп аталады
Бүгінде еліміздегі өзге ұлт өкілдері мен шетелдіктердің қазақтың ұлттық аспабы домбыраға қызығушылығы зор. Күйді күмбірлетіп шертетін шетелдік әуесқой және кәсіби музыканттар қазақ қоғамының ыстық ықыласына бөленіп жүр. Sarbaz.kz домбыраны күмбірлете шерткен өзге ұлт өкілдерінің бейнежазба үзіндісін назарларыңызға ұсынады.
Көненің көзіне айналған ұлттық аспабымызды ұлықтау мақсатында 2018 жылдан бері Қазақстанда шілде айының алғашқы жексенбісі «Ұлттық домбыра күні» деп аталады.
Ұлттық домбыра күні аясында елорданың барлық білім беру мекемелерінде Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен «Күй күмбірі» атты домбырашылар челленджі өтті. 127 білім беру мекемесінде бір уақытта басталған челленджде 500 бала домбыра шертті.
Астаналық челлендж қатысушылары халық күйі «Тепең көкті», Құрманғазының күйі «Балбырауынды» және Ә. Желдібаевтың күйі «Ерке сылқымды» орындады.
Айта кетсек, 2 шілде күні сағат 17.00-де Астанада күй анасы Дина Нұрпейісованың ескерткіші алдында VII «Күй жәрмеңкесі» өтеді.