Құтқарушылар арасында әлем чемпионаты: Қазақстан үшінші орынға ие болды

Хабарламаны ҚР ТЖМ баспасөз қызметі таратты

Sarbaz.kz редакторы
16/08/2023 - 21:12

Фото ашық дереккөзден

Фото ашық дереккөзден

Қазақстанның құрама командалары Өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша әлем чемпионатында жалпыкомандалық үшінші орынды иеленді. Бұл туралы Sarbaz.kz ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

️Өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша әлем чемпионатында 5 құрама команда қатысты: Қазақстан Республикасы, Беларусь Республикасы, Ресей Федерациясы, Словакия Республикасы, Мордовия Республикасы.

Әлем чемпионатының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының жасөспірім ұлдар құрамасы, сондай-ақ жасөспірім қыздар құрамасы жалпы командалық 3-орынға ие болды.

Тегтер

×

Редакция

$ 475.03  517.21  5.44