Астанада бассейнге батып кеткен баланы құтқару сәті видеоға түсіп қалды

Полиция қызметкері алғашқы көмек көрсетіп, аман алып қалды

Sarbaz.kz редакторы
07/08/2023 - 15:53

Астанада бассейнде полицей әйел кішкентай баланың өмірін құтқарып қалды, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Оқиға елордадағы қоғамдық бассейндердің бірінде болған. Бүлдіршінді құтқару сәті камераға түсіп қалған. Кадрда су астында ес-түссіз жатқан баланы құтқарып қалған сәтті көруге болады.

Полицей әйел сол арада жүрегіне дереу жанама массаж жасап, баланың тынысын қайтарды. Жедел жәрдем қызметкерлері оқиға орнына келіп, реанимациялық көмек көрсетуді жалғастырды. Баланың өмірі мен денсаулығы қазір қалыпты жағдайда. Ал оның ата-анасы құтқаруға атсалысқандардың бәріне алғыс білдірді.

Бүлдіршінге алғашқы медициналық көмек көрсеткен әйел Астанадағы Есіл аудандық полиция басқармасының қызметкері Назым Шәріпова болып шықты. Ол осы күні отбасымен демалып жүрген.

Тегтер

×

Редакция

$ 475.03  517.21  5.44