Өрт ошақтарына әуеден 11 рет су төгілді
Жамбыл облысында табиғи өртті сөндіру жұмысы жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Sarbaz.kz ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Меркі ауданының Ақтоған ауылынан 20 км жерде «Меркі орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі» КММ аумағында таулы аумақта алдын ала болжаммен 200 га алаңда қураған шөп жанды.
Қазавиаорманкүзетінің су жинау құрылғысы бар Ан-2 ұшағымен аэровизуалды барлау және сөндіру жұмысы жүргізілді. Өрт ошақтарына әуеден 11 рет су төгілді.
ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ ЕО-145 тікұшағымен аэровизуалды барлау жүргізілуде.