Түркиядағы көлік апаты: тағы бір қазақстандық көз жұмды

Көлік апатынан төрт адам қаза тауып, тағы 12 адам зардап шеккен болатын

Sarbaz.kz редакторы
03/08/2023 - 19:37

Фото ашық дереккөзден

Фото ашық дереккөзден

Түркияда апатқа ұшыраған тағы бір қазақстандық турист қайтыс болды. Бұл туралы ҚР СІМ-нің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

«Түрік дәрігерлерінің мәліметінше, кешөткене түнде Аланья мемлекеттік ауруханасында Қазақстанның тағы бір азаматы қайтыс болды. Қазіргі уақытта қайтыс болған адамның туыстары ауруханада жатыр. Оларға қажетті көмек көрсетіледі. Құжаттары рәсімделгеннен кейін мәйіт Қазақстанға жіберіледі», - деді Смадияров.

Оның айтуынша, осыған дейін қаза тапқан отандасымыздың денесі Қазақстанға жеткізілген.

Айтакетейік, Аланья жерінде туристік шағын автобус жүк көлігімен соқтығысып, салдарынан төрт адам қаза тапты, тағы 12 адам зардап шекті.

Тегтер

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85