Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан президентіне көңіл айтты

Пәкістанда партия съезінде болған жарылыстан кем дегенде 40 адам қаза тапты

Sarbaz.kz редакторы
31/07/2023 - 23:50

Мемлекет басшысы Пәкістан Президенті Ариф Алвиге көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Sarbaz.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Президенті Ариф Алвиге елдің солтүстік-батысында болған лаңкестік шабуыл салдарынан көптеген азаматтың қаза табуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өз атынан жақындарынан айырылған отбасыларға қайғыра көңіл айтты, сондай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Естеріңізге сала кетейік, Пәкістанда партия съезінде болған жарылыстан кем дегенде 40 адам қаза тапты.

Жарылыс Пәкістанның Хайбер-Пахтунхва провинциясында Ауғанстанмен шекаралас Баджаур ауданындағы «Джамиат Улема-и-Ислам» («Ислам дінбасыларының жиналысы») консервативті-діни партиясының съезінде болды. Конвенция кезінде ғимарат ішінде бомба жарылды. Жараланғандар саны 200-ден асады.

×

Редакция

$ 475.03  517.21  5.44