Елімізде әскери қызметшілердің жауынгерлік даярлығы тексеріледі

Сол сияқты әскери техниканы жетік меңгергеніне мән беріледі

Sarbaz.kz редакторы
17/10/2023 - 17:46

«Жауынгер – әскери өмірде шыңдалады». Егеменді еліміздің Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері әр жылға белгіленген оқу жылында жауынгерлік даярлықтарын арттырып, Отан қорғау жолындағы қызметте өздерінің әскери біліктіліктерін шебер меңгеріп келе жатқандығына жоғары баға беруге тиіспіз. Бұл күндері Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлеріне қарасты 06708 әскери бөлімі мен 18405 әскери бөлімінде 2022-2023 оқу жылының қорытынды сабақтары өтіп жатыр, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

06708 әскери бөліміндегі оқу жылын қорытындылауды осы бөлімнен құралған офицерлер және бөлім командирі подполковник Жасұлан Абеков қорытынды сабақтарына баға беруді өз бақылауына алған.    

Оқу жылының қорытынды сабақтарына әскери бөлімдердегі жеке құрам түгел қатысады. Сабақ қорытындысын шығару барысында әрбір әскери қызметшінің жауынгерлік даярлықтағы ептілігіне, оқу жылында меңгерген біліміне және шеберлік әдіс-тәсіліне баға беріледі. Сонымен қатар, жеке құрамның әскери техниканы жетік меңгеру және жауынгерлік даярлықты жетілдірудегі дене бітімін шыңдауды да бағалау бар екенін еске саламыз.

06708 әскери бөліміндегі оқу жылын қорытындылауды осы бөлімнен құралған офицерлер мен келісімшарт қызметкерлері өздеріне бағынысты жеке құрамға өз тараптарынан көмек қолын созды.

Тегтер

×

Редакция

$ 443.44  480.51  4.88