Қазақстан әскеріндегі «Арлан» бронды машинасы: саны мен сапасы

Қазақстан әскеріне 2020 жылы «Арлан» бронды машинасының 30 бірлігі, 2021 жылы 18 бірлігі жеткізілген

Жанель Нұрболатқызы
12/09/2023 - 18:54

Фото ашық дереккөзден

Фото ашық дереккөзден

Соңғы 3 жылда Қарулы күштерге «Арлан» брондалған дөңгелекті машинасының (БДМ) 48 бірлігі сатып алынды, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі.

Қазақстан әскеріне 2020 жылы «Арлан» бронды машинасының 30 бірлігі, 2021 жылы 18 бірлігі жеткізілген. Қазіргі уақытта жауынгерлік модульді 10 бірлікті әскери тәжірибеде пайдалану іске асып жатыр.

Минаға қарсы күшейтілген қорғанысы бар «Арлан» көпмақсатты брондалған машинасы биік клиренсті, V-бейнелі түпті болып келеді. Соның арқасында мұндай машиналар жарықшаққа қарсы тұру, жарылыс энергиясын әлсірету мүмкіндігіне ие. Ол кинетикалық әрекетті жарылғыштарға да, майдан артиллериясының жарқыншақты-фугастық снарядтарына да, қолдан жасалған әртүрлі жарылғыш заттарға да төтеп береді. Оның корпусындағы екіқабатты брон кез келген бронтесер патрондардың жойқын соққысына шыдайды.

Әуелде «Мародер» деп аталған бұл машина танымал Top Gear бағдарламасының 2011 жылы жарыққа шыққан кезекті санынан кейін әлемге белгілі бола бастады. Дүниежүзі бойынша 350 миллиондық аудиториясы бар бағдарлама барысында БДМ-ды фугастық минаға жарған болатын. Кезінде жан-жақты дәріптелген Humvee бронды соғыс машинасының тас-талқанын шығарған бұндай сынақтан «Арлан» сүрінбей өтті. Одан кейін әскери машинадан кірпіш және бетон қабырғаларын жарып өту талап етілді. Мұндай тосқауылдан басқа броневик бүтін қалмайды, бірақ «Арлан» емес. Сынақтың нәтижесінде БДМ-ның феноменалды беріктігі дәлелденіп, ол әлемдегі ең арынды машина ретінде мойындалды. Бүгінде «Арлан» машинасының өндірісі Қазақстанмен қатар тағы да бірнеше мемлекетте жүргізіледі.

×

Редакция

$ 488.45  529.19  5.04