Қазақстан Түркияның брондалған техникасын сынақтан өткізді ме?

Қорғаныс министрлігі ресми жауап берді

Sarbaz.kz редакторы
11/09/2023 - 22:17

«КПИ» ЖШС мен «Otokar» түрік компаниясы КБМ үлгілерінің қорытынды далалық сынақтары қалай аяқталды және «Арма» КБМ суға батқаны туралы осыған дейін жарияланған бейне туралы не белгілі? Қорғаныс министрлігі кең қоғамдық маңызы бар қорғаныс-өнеркәсіп кешеніне қатысты сауалдарға жауап берді, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

2023 жылғы 15-30 мамыр аралығында 8х8 «БАРЫС» КБМ-на үшінші тәжірибелік әскери пайдалану жүргізілді. Оның нәтижесі бойынша бұған дейін жүргізілген тәжірибелік әскери пайдалануда анықталған кемшіліктер тек базалық шасси бойынша жойылғаны, ал жауынгерлік модуль бойынша кемшіліктердің жойылмағаны анықталды. Бұл кемшіліктер жауынгерлік мақсатта қолдануға әсер етеді. «Барыс» кемшіліктерді жою үшін «КПИ» ЖШС-не кері қайтарылды.

«Барыс» КБМ-ын атыс қуаты бойынша БТР-82А-мен салыстыруға болады. Бұл ретте оның құны (шамамен 1 млрд.тнг.) ресейлік машинадан (шамамен 400 млн. тнг.) айтарлықтай жоғары екенін айта кету маңызды.

«Барыс» КБМ суда жүзбейді, күшейтілген беренді қорғанысы маневрлік пен басқаруға, жылдамдық сипаттамаларына, габариттік өлшемдерге теріс әсер етеді. Бұл өз кезегінде шешілетін міндеттерді едәуір шектейді.

Брондалған дөңгелекті машиналардың атыс қуатын ұлғайту мақсатында 100 мм зеңбірегі бар жауынгерлік модульдерді және атыс қашықтығы 5 км-ге дейінгі танкіге қарсы зымыран кешенін қолдану есебінен 2023 жылғы шілде мен желтоқсан аралығында Қытайда шығарылған VN-11 жауынгерлік модулі бар түріктің 8х8 «Арма» беренді дөңгелекті машинасын тәжірибелік әскери пайдалану жүргізілуде. Әскери пайдалану нәтижелері бойынша Қарулы күштердің мамандары «Арманың» Құрлық әскерлері орындайтын міндеттерге сәйкестігіне қорытынды беретін болады.

Өз кезегінде, Қорғаныс министрлігінің ресми сұрауына КПИ өзінің 8х8 КБМ үлгісін сынақтан өткізуге ұсынбады», - делінген Қорғаныс министрлігі таратқан хабарламада.

Тегтер

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91