Қытай «Армия-2023» форумында жаңа дрондар мен зымырандарын таныстырды

Әскери-техникалық форумы 14-20 тамыз аралығында өтеді
 

Sarbaz.kz редакторы
14/08/2023 - 22:39

Фото ашық дереккөзден

Фото ашық дереккөзден

«Армия-2023» халықаралық әскери-техникалық форумында Қытай ұшқышсыз ұшу аппараттарын, басқарылатын зымырандарды және зениттік зымыран-зеңбіректер кешенін таныстырды, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Қытай әскери өнімдерінің үлгілері арасында, атап айтқанда CH-4 көп мақсатты әскери ұшқышсыз ұшу аппараты, HQ-22E зениттік зымыран кешені, FK-2000 ЗРПК, басқарылатын зымырандар, амфибиялық кемелер бар.

«Армия-2023» халықаралық әскери-техникалық форумы 14-20 тамыз аралығында «Патриот» көрме орталығында, Алабино полигонында және Кубинка әуеайлағында өтеді. Экспозиция мен іскерлік бағдарламаға ресейлік қораныс өнеркәсіп кешенінен 1,5 мыңға жуық жетекші кәсіпорын қатысады. Форумға жеті мемлекеттен 85 шетелдік компания мен ұйым қатысады.
 

Тегтер

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91